Әдістемелік көмек көрсету семинары өтті

4
Screenshot

2026 жылғы 29 қазанда Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және білім беру ұйымдарының негізгі процестері бойынша әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.

Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, комплаенс-қызметтің тиімділігін арттыру және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Асқар Арыстан Асқарұлы, аталған департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жердентапқанов Бүркіт Асхатұлы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен комплаенс-офицерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау – білім беру саласындағы ортақ міндет!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз