Монополияға қарсы органға ақпарат ұсынбағаны үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Жетісу облысының географиялық шекараларында 2024–2025 жылдар және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде бензинді (АИ-92, АИ-95) және дизель отынын (жазғы, қысқы, маусымаралық) бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау шеңберінде Департамент «GASSOIL М.А» ЖШС-не қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау хат жолдады.

Алайда серіктестік сұратылған ақпараттың коммерциялық құпияға жататынын алға тартып, белгіленген мерзімде оны толық көлемде ұсынбады.

Осыған байланысты Департамент серіктестікке коммерциялық құпияны қорғаудың құқықтық негіздері мен кепілдіктерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның заңнамада белгіленген өкілеттіктерін түсіндірді.

Алайда, серіктестіктің ақпарат ұсынудан бас тартуына байланысты Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, «GASSOIL М.А» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік жаза ретінде салынған 216 205 теңге айыппұл серіктестік тарапынан төленді.

Департамент кәсіпкерлік субъектілеріне монополияға қарсы органның заңды талаптарын орындау міндетті екенін еске салады.

Сұратылған ақпараттың коммерциялық құпияға жататыны туралы уәж оны ұсынудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Сонымен қатар монополияға қарсы орган алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті.

Департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз