Пеш жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын ұмытпаңыз

Пешті және мұржаны пайдалану талаптарын сақтамау өрттің шығуына және иіс газымен улануға әкелуі мүмкін. Сондықтан жеке тұрғын үйлердің иелері өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын қатаң сақтауы қажет.

Ең алдымен, мұржаны күйеден кемінде үш айда бір рет тазалап отыру қажет. Жарықтары немесе басқа да ақаулары бар пешті пайдалануға қатаң тыйым салынады. Себебі бұл түтін мен иіс газының тұрғын үй ішіне таралуына әкелуі мүмкін.

Отынды, киім-кешекті және басқа да тез тұтанатын заттарды пештен қауіпсіз қашықтықта сақтау қажет. Пешті тұтату үшін бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Осы қарапайым талаптарды сақтау өрттің алдын алуға, жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Пеш жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын ұмытпаңыз

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз