Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының сараптама орталығы» ЖШС жарғысында көрсетілген өзгеде қызмет түрлеріне монополияға қарсы органның келісімі берілмеген.
Бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқамамалар шығарды. Қазіргі уақытта нұсқамалар толық көлемде орындалды.





























