Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелерімен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сенаттың ресми делегациясын жылы қарсы алған Бейбіт Исабаев депутаттардың өңірге сапарларының маңыздылығын тілге тиек етіп, мұндай кездесулердің аймақты дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.   

Өз кезегінде аталған Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев Жетісуға сапары барасында Панфилов ауданында, соның ішінде «Қорғас» торабында болғанын айтты.

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Сондықтан осы сапарымызда біз шығыс қақпамыз саналатын «Қорғас» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін көріп, кәсіпкерлермен кездестік, ұсыныстарын тыңдадық, Панфилов ауданын аралап көрдік, — деген С. Алдашев алдағы жоспарланған парламенттік тыңдауға дайындық барысында бұл сапардың пайдалы болғанын жеткізді.

Облыс әкімі депутаттарға өңірдің дамуы, соның ішінде экономикалық ілгерілеудің маңызды нүктелері «Достық» және «Қорғас» тораптары, оларда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық ірі жобалар туралы баяндап берді.

— Депутаттар мен біздің, яғни жергілікті атқарушы органдардың тығыз қарым-қатынаста, өзара кеңесе отырып жұмыс істесек, нәтижелі болатыны анық. Бүгін аймақтарды дамытудағы кейбір келелі мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Өйткені біздің мақсатымыз ортақ – елдің экономикалық қуатын арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, — деді Б. Исабаев сөзінің қорытындысында.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз