Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында 2026 жылғы 17 наурыз күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында «Шаңырақ – береке бастауы» атты «Шаңырақ story» танымдық шарасы кітапхана оқырмандарымен ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған шараға кітапхана оқырмандарыұлттық құндылықтар туралы мазмұнды мағлұмат алды.
Шара барысында «шаңырақ» ұғымының терең мағынасы кеңінен түсіндірілді. Шаңырақ — қазақтың киіз үйінің ең жоғарғы бөлігі ғана емес, ол – отбасының бірлігін, берекесін, ұрпақ жалғастығын білдіретін қасиетті нышан екені айтылды. Сонымен қатар, Шаңырақ күні отбасы мен татулықтың, ұлттық дәстүрлердің мерекесі екені ерекше атап өтілді. Бұл күні адамдар отбасы мүшелерімен бас қосып, ұлттық тағамдар әзірлеп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ата-баба дәстүрін жаңғыртатыны жөнінде ақпарат берілді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақ-жауапқа қатысып, өз ойларымен бөлісті. Танымдық бағыттағы тапсырмалар мен шағын көріністер арқылы балалардың қызығушылығы артып, шара мазмұны одан әрі жандана түсті. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.





























