Биыл Жетісу облысында жергілікті маңызы бар 381,7 км жол жөнделді, соның 152,2 км облыстық, 229,5 км 54 елді мекендегі ауылішілік жолдар. Соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95% жетті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соңғы 3 жылда өңірдегі 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдар толық жаңартылды. Атап айтқанда, «Талдықорған – Үшарал» және «Үшарал – Достық» автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Өткен жылы «Үштөбе – Көпбірлік» автомобиль жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді. Биыл «Сарыөзек – Қорғас» жолы толық жөнделді, ал 2026 жылы «Талдықорған – Үштөбе» автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, 2023–2025 жылдары Жетісу облысында жергілікті маңызы бар 1138 шақырымнан астам жол жөнделді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотограф: Дмитрий Ерофеев.





























