Елімізде орташа айлық жалақы қанша? Ол жаңарды ма?

1367

Қазақстанда орташа айлық жалақы туралы мәліметтер жаңартылды, — деп хабарлайды  Ұлттық статистика бюросының деректерімен жарияланым жасаған  желілік басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

«2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы 2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1 пайызға өсіп, 365 502 теңге болды.

Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні 2023 жылғы II тоқсандағы бағалау бойынша 240 779 теңге болды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді», — делінген хабарламада.

Жалақының медианалық мәні — өсу немесе кему ретімен сұрыпталған деректер жинағындағы барлық жалақының ортасындағы жалақы деңгейі.

2022 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі байқалған салалар:

ақпарат және байланыс – 36 пайыз,

көлік және қойма – 24,6 пайыз,

ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7 пайыз,

көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8 пайыз.

білім беруде орташа айлық жалақының өсуі — 10,2 пайыз,

денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 15,6 пайыз.

Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда төмендеген салалар да бар:

құрылыс – 3,5 пайыз,

тұру және тамақтану қызметтерін көрсету – 2,6 пайыз,

білім беру – 4,8 пайыз,

сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 0,1 пайыз.

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелген – 23,8 пайыз. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2 пайыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз