Оқу жылына дайындық. Әр балаға 40 мың теңге беріледі, оның кімдер алады ?

1416

Жаңа оқу жылына дайындық үшін көмекке мұқтаж отбасы балаларының әрқайсысына 40 567 теңге беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов мәлімдеді, -деп хабарлайды өзге басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Оның сөзінше, қаражат ата-аналардың шотына аударылады. Мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсету үшін «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан биыл 18,7 миллиард теңге бөлінген.

Ақшалай көмек ата-ана қамқорлығынан айырылғандарға, жетім балаларға, АӘК алатын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен аз, әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыларға беріледі, — деді спикер.

Еділ Оспанов былтырдан бастап ата-аналар көмек қаражатына оқу құралдары мен кимдерді өз бетінше таңдап, сатып алу мүмкіндігіне ие болғанын айтады.

Ақша аудару жұмыстары жалғасып жатыр. Көмекті алу үшін ата-аналар мектеп директоры атына өтініш жазуы керек. Қажетті заттарды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатты да ұсынуы шарт. Биыл бір балаға көмек көрсетудің жоғары мөлшері Павлодар облысында анықталды. Аталған өңірде оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуға қажетті ақша — 47 300 теңге, — деді оқу-ағарту вице-министрі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз