Өңір тынысы. Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы қандай?

1055

Журналистер үйінде  өткен баспасөз мәслихатында Жетісу  облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Башаров «Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы» туралы айтып берді.

Аталмыш департаменттің негізгі  міндеттері білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын, оқу-тәрбие процессін ұйымдастыруға қолайлы жағдай, педагог мәртебесінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

«Бүгінгі брифингте жалпы білім беретін мектептердің жаңа  2023-2024 оқу жылына дайындаудың жекелеген мәселелеріне тоқталғым келеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінін бұйрығына сәйкес департамент облыстың  337 білім беру ұйымдарының (128 мың оқушы) дайындығына кешенді мониторинг жүргізді. Дайындықтың маңызды мәселесінің бірі – мектептердегі күрделі жөндеу. Мониторинг барысында биыл Жетісу облысында 6 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде, оның ішінде  4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы басталыпты.  

Оқу жылы басталғанға дейін күрделі жөндеу жұмыстарын  аяқтау жоспарлануда.  Департамент қажет болған жағдайда шаралар қабылдау үшін әр 10 күн сайын дайындық дәрежесіне мониторинг жүргізеді»,- деді Алишер Қуанышбайұлы.

 Айтар болсақ, ағымдағы жөндеуге келетін болсақ, 2023 жылы 21 нысан жөндеуден өтуде. Барлық нысандар бойынша жөндеу жұмыстары  уақтылы жүргізілуде.

 Сондай-ақ, жаңа мектептерді лицензиялау мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Үстіміздегі  жылы жаңадан ашылған Талдықорған қаласындағы  №29 орта мектеп-лицейі лицензия алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Себебі, облыстың екіге бөлінуіне байланысты Алматы облысы әкімдігінің ғимаратты өткізіп беру қаулысы қажет. Бұл  мәселе оң шешімін табуы тиіс.

Сонымен қатар, департамент 1-11 сыныптарға арналған оқулықтарға сұранысты қамтамасыз ету бойынша талдау жүргізді.

Жаңа оқу жылында 19 баспадан оқулықты жеткізу жүзеге асырылады. Білім бөлімдері тарапынан оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешенді сатып алуға және жеткізуге келісімшарт жасалды. Әр мектепте әрбір  сыныпқа оқулықтарды берудің күні мен уақыты көрсетілген кестесі бар. Жеткізу және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі де департаменттің бақылауында.

Келесі ерекше мәселе – биылғы жылы оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету.  Облыс бюджетінен 52616 бастауыш сынып оқушысын тегін тамақтандыруға қаражат бөлінді. Барлық мектептер асханалар мен буфеттер 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге дайын. Оның ішінде ауылдық бейімделген мектептерде тамақтану үшін арнаулы орындар жабдықталды, жеткізушілермен келісімшарт жасалды.

Облыстың білім беру жүйесіне жыл сайын қаржыландыру көлемі ұлғайыпкеледі.  Материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелерін шешуге мүмкіндік беріліп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша қажетті іс-шаралар өткізіліп отыр.

 Департамент басшысы жалпы аталған мәселелер бойынша  жұмыстар жалғасатындығын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз