Негізгі мақсат – табысты мемлекет болу

227

Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың саяси күн тәртібі Мемлекет басшысы белгілеген саяси реформалар векторымен және еліміздің Конституциясын жаңарту бойынша республикалық референдум нәтижелерін іс жүзінде жүзеге асырумен айқындалатын болады. 1 қаңтардан бастап сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне енгізілген жаңа түзетулер күшіне енген.  Аудан  және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау пилоттық режимде өткізіліп жатыр. Мұның бәрі де халқымыздың бүгініне,болашағына жасалып жатқан нақты қадамдар.

Кез келген дамыған елдермен тереземіз тең,керегеміз кең болуы үшін ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру маңызды.Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қуатты ел боламыз десек,бірлесе отырып бірқатар маңызды сауалға жауап беруге тиіспіз. Біз болашағы қандай мемлекет құрып жатырмыз?Ұлтымыз нені армандайды?Қазақстан азаматы қандай болуы керек?Еліміздің басты тірегі не? Миссиясы қандай?,-деген ойын жеткізе келе,пікірін білдірген еді. «Біз қолға алған саяси-экономикалық реформаларды қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістермен қатар іске асыруымыз керек.Бұл-маңызды міндет.Елді дамытуға кедергі келтіретін нәрсенің бәрінен арылып,құндылықтарымызды нығайта түсуіміз қажет.Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырамыз,сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің тұғырын бекемдейміз.Жалпы,қандай да бір құндылықты жарлықпен немесе заңмен орнықтыру мүмкін емес. Өміршең,келешегі зор идеологиялар мемлекет пен қоғамның ортақ ізденісінің арқасында ғана пайда болады.Біз дәстүрлі құндылықтарымызды қазіргі мәдени үрдістермен үйлестіруіміз керек.Елімізде отаншыл,жасампаз,батыл,дарынды,білімді,озық әрі еңбекқор жандар өте көп.Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына сеніммен қараймын»,-деген еді.Отаншылдығымыз бен елге деген жанашырлығын танытып,құндылықтарымызды әлемге паш етіп жүрген талдықорғандықтар қатары ауыз толтырып айтарлықтай.Білім  мен спортта басқа да салаларда табысқа жетіп, әлемді мойындатып жатқан жастарымыздың әрбір жетістігі ел болашағына жасалып жатқан игі қадамы әрі рухының жаңғыруы деп түсінемін.

Әсел Сыдықова, «Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі» КММ бас маманы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз