Жақсылық жасасаң балаға жаса

853

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын. «Балалар – біздің болашағымыз».  Бар жақсылықты балаларға жасауымыз керек.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін жыл сайын жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру дәстүрге айналғалы қашан.

Биыл аталған дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2023 жылғы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізіледі.

Акцияны өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыстық, аудандық, қалалық қамқоршылық  кеңестері  құрылып отыр. Талдықорған қаласының білім бөлімі де  бұл іске кірісіп кетті. Жылдағы дәстүрмен Арбатта, қала орталықтарында  мектеп құрал-жабдықтарын сататын дүңгіршектер қойылды.  Мектеп жәрмеңкесі  жұмыс жасауды бастап кетті. Жәрмеңкеде мектепке қажетті құрал- жабдықтар және т.б тауарлар нарық құнынан төмен бағада сатылады.

Акцияны өткізуге атсалысуға Талдықорған  қаласының әкімдеріне, кәсіпкерлерге, мекеме-ұйымдарға  хаттар жолданды. Алдыңғы лекте Талдықорған қаласы әкімдігінің бөлімдері 60 балаға көмек қолын созуға әзір екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, облыстық мүгедектер қоғамы инклюзивті оқудағы балаларға көмек беру туралы ұсыныс айтқан болатын. Мұндай 30-дай бала болса, соларға бүгінде демеу көмек көрсететіндер іздестірілуде.

Білім бөлімі мамандарының мәліметінше, жалпы жоспар бойынша  300-дей баланың мектепке дайындық жасауына көмек беріледі.

«Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары,  кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар атсалыса алады. Сонымен қатар, акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласуға болады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз