Елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау.Ең жоғары көрсеткіш — Шымкент қаласында

1057

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын,- деп хабарлайды басқа желілік басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Айталық,Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.

Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды, — делінген мәліметте.

Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз