Жаңа бағытта жаңғыру

256

Еліміздің  жаңғырған келбетін сайлау арқылы саяси бәсекелестікті дамытқанда, көппартиялы жүйені қалыптастырғанда,сайлау үдерісін жандандырғанда,жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандырғанда ғана көре алатынымыз айқын. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Президентіміздің саяси жаңашылдықтарды енгізуге және саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына куә болып келеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси  реформалардың табысты жүзеге асырылуының  басты қағидаты- халық игілігіне бағытталуынан деп түсінемін.  Қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ел бірлігін нығайтуды басты мақсат еткен бастамалары,жолдаулары,Үкіметке жүктелген тапсырмалары-халық үніне құлақ асатын,елге қызмет етуші мемлекет құру міндетінен туындағанын көруге болады. Яғни, саяси-экономикалық реформалардың барлығы мемлекетіміздің дамуына,халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына,қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына жасалып жатқан қадам екені сөзсіз. Азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейту мақсатында Ата заңға бірқатар өзгерістер енгізу мәселесі халықтың талқысына ұсынылып,референдум арқылы қабылданған болатын. Нәтижесінде еліміз «Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» қағидатына көшті.Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мемлекет басшылары енді ешқандай партияға мүше болмайды. Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасыменен елімізде Конституциялық сот құрылып,биыл қызметін бастады. Тағы бір саяси жаңғыру деп сайлау жүйесіне енгізілген өзгертулерді айтуға болады. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыруға бағытталған бастама сайлау арқылы жүзеге асырылады.Бұл бағыттағы іс ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаудан бастау алғаны белгілі. 2021 жылы елімізде 700-ден астам ауылдық округте сайлау өтіп, тұрғындар оған  белсене атсалысып,халықтың билікке деген сенімі нығайды. Сонымен қатар Президент партиялардың сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін квота енгізу жөнінде бастама көтеріп,оларға Парламенттің кезекті сайлауында 30 пайыздық квота қарастырылды. Мемлекеттің институционалдық тұтастығын,саяси үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ендігі жерде  Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық,30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болды. Сондай-ақ аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына де енгізілді.Мемлекет басшысының тікелей ықпал етуінің арқасында Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін азайтылып, Қазақстан халқы ассамблеясының Мәжілістегі квотасы жойылды. Бұл квота Сенатқа ауысты және ол 9-дан 5 депутатқа кеміді. Бұл түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың жоғары палатадан естілуіне жол ашады. Мемлекет басшысының халық жүрегінен ойып орын алған басты реформаларының бірі-  Абай,Жетісу,Ұлытау сынды үш жаңа облыстың құрылуы дер едім. Бұл да халықтың тұрмыс сапасын жақсартудан туындаған бастама. Елімізде «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасының іске қосылуы да елді елең еткізбей қоймады. Президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды.Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелі боларына сенгіміз келеді.Қорыта айтқанда,Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар қоғамның  жаңа бағытта жаңғыруына жол ашуда.

Бибізайнап Балуанбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз