Жаңа заң жемқорлықтың жолын кеседі

332

Көптеген ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, еліміздің қыруар қаржысын жымқырған жемқорлар шет ел асып, рахат өмірлерін жалғастыруда. Осылайша қалталарын заңсыз қампитқан қаншама олигарх елден кетуді армандап жүргені сөзсіз. Енді мұндай олқылықтарға жол берілмейтін болды. Күні кеше ғана, яғни, 12 шілде күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.

«Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясында жемқорлықтың жолы кесіліп,еліміздің өркендеуіне тағы бір жаңа қадам жасалды.Заңға сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субьектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылмақ. Сондай ақ, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субьектілерге,мемлекеттік заңды тұлғаларға,квазимемлекеттік сектор субьектілеріне  және аталған тұлғалармен аффилирленген субьектілерге қолданылады. Заңда көрсетілген ережелерді қолдану үшін критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан-13 млн. АЕК-тен асатын (44 млрд.850 млн. теңге немесе шамамен 100 млн. АҚШ доллары) активтері болуға тиіс. Активтерді қайтару жұмыстарымен арнаулы уәкілетті орган айналысып,мемлекеттік органдар ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде талдау жүргізеді.Мемлекет пайдасына түскен активтер Қаржы министрлігіндегі қолма-қол ақшаны бақылау шоты саналатын Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі. Қор арқылы әлеуметтік,экономикалық жобалар қаржыландырылатын  болады. Аталмыш Заң  жарияланғаннан кейін 10 күн өткенде қолданысқа енгізілмек.

Бибізайнап Балуанбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз