Оқу-жаттығулар аясында мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын арттыруға бағытталған практикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Терроризмге қарсы маневрлердің өткізілуіне байланысты қала аумағында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер үшін уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Жаркент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.
Оқу-жаттығулар жоспарлы сипатта өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.
Жетісу облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.





























