Талдықорғанда жас суретшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын сурет арқылы жеткізді

3

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында жас суретшілер өз туындылары арқылы адалдық, әділдік, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын бейнеледі. Оқушылар суреттерінде заң үстемдігі, әділ қоғам және әр азаматтың жеке жауапкершілігі сынды маңызды құндылықтарды көрсетті.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және адалдық қағидаттарын ерте жастан дәріптеу.

Мұндай бастамалар балалардың заңдылық пен әділдікке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, шығармашылық арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жемқорлықсыз қоғам туралы ой-пікірлерін сурет арқылы жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз