Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Мемлекет басшысы Ұлытау төріндегі алғашқы құрылтайдан бері өткен бір жылда елімізде конституциялық реформа жасалғанын, бұл өзгерістер мемлекеттігіміздің тұғырын бекіте түскенін, ұзақ мерзімге арналған демократиялық бағдарымызды айқындап бергенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылу керек.
Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілуге тиіс екеніне назар аударып, осы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Президент мемлекеттік нышандарды жетілдіру; ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту; мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеу; өскелең ұрпақтың тәрбиесіне мән беру; ақпарат саясатының тиімділігін арттырып, креативті индустрияны дамыту; мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметін сапалы жүргізу; шекаралас аймақтарды дамыту; мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде маңызды мәселелерді қозғап, тың бастамалар ұсынды. Жүзеге асырылатын жұмыстар өте көп. Ұлттық құрылтай жай жиналу емес. Алдағы жұмыстар, қайда бара жатырмыз, халықтың сенім орнады ма? Елдің тарапынан 400-ден аса ұсыныс беріліпті. Қарапайым елдің құқықтық , қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері қолға алынса дейміз. Халықтың тірлігіне қатысты маңызды дүниелер көтерілді. Тіпті, шекаралық аудандарды дамыту көптен айтылып жүрген мәселе еді. Қатон Қарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарын қайта құрылатындығы айтылды. Алдағы екі жылда осы бағытта жұмыстар жүргізіледі. Әділетті қоғамды әр адам өзінен бастау керек. Ұлттық құндылықтар бізге тамыр болуы керек. Адал еңбек, мансап, ұят, обал сөздеріне мән беруіміз керек.
Жанатбек Саргалдаков.
кәсіпкер.