«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағандыда өтуде

392

«Спасск» оқу орталығында биыл халықаралық мәртебеге ие болған тоғызыншы әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz басқа басылымдарға сілтеме жасап.

Жас патриоттар жиыны қарсаңында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбындағы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметіне серпін беру қажеттігі туралы айтқан болатын. Осы тұрғыда Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде өткізіп тұратын халықаралық жастар жиыны бұл жұмыстың белгілі бір нәтижесін көрсетсе керек.

Салтанатты рәсім аясында «Бірлік ордасы» мобильді-көрме экспозициясының тұсаукесері, балалардың «Отан. Әскер. Жас сарбаз» сурет көрмесі, сондай-ақ «Айбын – достық мекені» аллеясына ағаш отырғызу шарасы өтті.

Жиынның ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев,Парламент депутаттары,  Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Әзербайжан мен Өзбекстаннан келген шетелдік қонақтар, Қарулы күштердің ардагерлері, еліміздің әскери-патриоттық клубтары мен оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысты.

«Айбын» әнұранының аясында жарыстың туын көтеру құрметіне Жетісу облысы «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының капитаны Байғабыл Мейіржан ие болды. Бұл команда «Айбын-2022» жиынның жеңімпазы атанған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз