Кәсіпкерлікте қазақ тілінің қолданысы қандай?

399

Мемлекттік тілді құрметтеу әрбір шаңырақтан басталуы керек. Отбасында ата немересімен, ата-ана баласымен қазақша сөйлессе, бұл – ең бірінші, адамның өзіне, екінші, мемлекетіне деген құрметі. Әрбір азамат  мемлекеттік  тілде таза, мәдениетті сөйлей алса, қазақ тілінің тамыры тереңдей түсер еді.

Біздің күнделікті тірлігімізде шағын  кәсіпкерліктің маңызы зор. Дүкенге кіріп, қажетті заттарды аламыз. Сол кезде кейбір заттардың жапсырмасында қазақша нұсқасын мүлде таба алмай «әттегенай» -дейтін кезіміз де бар.

Күні кеше жұмысшы тобының құрамында Талдықорған қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сандуғаш Рысбаева, Жетісу облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы  қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы  Ләзат Тәжібаева және тіл жанашыры Ғазиз Аманжолұлы және  бұқаралық ақпарат құралының өкілі ретінде өзім де бар топпен бірге  қаланың сыртқы және ішкі көрнекі ақпаратты заң талаптарына сай ретке келтіру мақсатында халыққа қызметкөрсету нысандарына түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Сандуғаш Арнайқызының айтуынша, жыл басынан бері аталған жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, қаңтар айында Желтоқсан көшесінде орналасқан «Fix price» дүкеніндегі тауардың баға көрсеткіштері орыс тілінен қате аударылғаны жөнінде дүкен басшылығына ескерту жасалып бір айлық мерзім беріліп, жұмыс жасалды.

 Үстіміздегі жылдың   7 маусымында жүргізілген   нысандарға жүргізілген зерделеудің қорытындысы төмендегідей болды. Атап айтқанда,  осы  жақында ғана ашылған Д.Рақышев көшесіндегі «FOOD MART» супермаркет дүкенінің атауы тек ағылшын тілінде жазылған. Супермаркет қызметкерлеріне тауар атауларының бірінші кезекте мемлекеттік тілде жазылу керектігі түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді. Аталған нысанның басшылығымен кездесу жүргізілді. Сонымен қатар «Әлемдік»; «Шапағат» сауда кешендерінде болып, мемлекеттік тілде кеткен қателерді түзету керектігі айтылып басшылығымен кездесіп сұхбаттасып, бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.

«Mechta.kz» тұрмыстық техника сауда үйіне және «Fix price» дүкеніне де әдістемелік көмек көрсету жұмысы жүргізілді. Бұл сауда орындарында тек шетелден әкелінетін тауарлардың нұсқаулықтарында ағылшын тіліндегі жазбаларға да  ескерту жасалды.  Әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды. Қалған құжаттары мен атаулардың барлығы талапқа сай екендігі қуантты. Тілге қатысты  жұмыстар  қала бойынша  жыл бойына жалғастын болады. Мемлекеттік тілімізді құрметтейік!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз