Спортшылардың таңдауы Әділетті Қазақстан

4

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция өкілдері Анарбек Монгол, Темірболат Ахажан, Гулниса Тұлымшақова және Ғалия Молдықұлова «Жастар» спорт сарайының еңбек ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді.

⤵️Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушыларға Конституциядағы жаңартулардың маңыздылығы қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізілді.

📎Басқосуда республикалық коалиция мүшесі Гулниса Тұлымшақова жаңа Конституциялық жобаға сәйкес, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалады. Сондай-ақ, Ата заң жобасында шағын және орта бизнесті қолдау тетіктеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Кәсіпкерлікті ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халық табысын арттыру – негізгі басымдық екеніне тоқталды. Сонымен қатар, бұл құжаттың қоғам мен билік арасындағы ашық диалог қалыптастыратын жеткізді.
– Конституция жобасы адам капиталын дамыту басым бағыт ретінде айқындалған. Білім мен ғылымды, инновация мен мәдениетті жүйелі қолдау азаматтардың зияткерлік және әлеуметтік әлеуетін арттыруға негіз болады. Цифрлық құқықтарды, жеке деректерді және зияткерлік меншік институтын конституциялық деңгейде қорғау – құқықтық жүйені заманауи талаптарға бейімдеудің нақты көрінісі. Бұл қадамдар елдің цифрлық экономикаға көшуіне берік негіз қалайды, — деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз