Жетісу өңірін дамытуға еңбек сіңіргені үшін арнайы сыйлықтар берілді

459

Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Талдықорғанда 3 номинация бойынша еңбегі, әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі және меценаттық қызметі үшін бірқатар жетісулықтар марапатталды. «Жастар» саябағында өткен салтанатты шарада оларға арнайы дипломдар мен статуэткаларды облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыс етті, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындарды мерекемен құттықтай отырып, өңір басшысы осыдан тура бір жыл бұрын ел Президентінің Жарлығымен Жетісу облысы құрылғанын, енді жыл сайын 8 маусым облыстың құрылған күні ретінде аталып өтілетінін айтты.

— Жетісу аймағы дербес облыс ретінде бөлініп шыққан бір жыл ішінде алдағы бес жылға арналған даму басымдықтары мен перспективалары айқындалды. Басты мақсатымыз — халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, бірінші кезекте жұмыс орындарымен қамту арқылы тұрақты табыспен, қолжетімді тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Алдағы екі жылда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100%-ға, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі 98%-ға, газдандыру деңгейі 72%-ға дейін жеткізілетін болады. Осының барлығы өңір экономикасын жаңа даму деңгейіне көтеріп, 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнім көлемін 1,8 трлн. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл нәтижелерге облыс тұрғындарының белсенді қатысуының арқасында қол жеткізе аламыз. Осы ретте биылғы жылдан бастап Жетісу облысының құрылған күнінде біз жаңа дәстүр қалыптастыруды жөн көрдік. Енді жыл сайын Жетісу тұрғындарын туған өлкенің дамуына қосқан еңбегі мен ерекше үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапаттап отырамыз. Бұл бастама еңбектің мәні мен құндылығын айқындай түскенімен қоса жас ұрпақ үшін үлгі болады деп сенеміз, — деп Б. Исабаев бұдан әрі марапаттау рәсіміне көшті.

Мәселен, «Әлеуметтік сала» номинациясында Талдықорған қаласындағы «Ерлік» тірек-қимыл қозғалысы мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Роза Ақжеркенованың көп жылғы еңбегі атап өтілді. Ол үкіметтік емес ұйымдар саласында мүмкіндігі шектеулі жандармен 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Ербол Ажмағамбетов «Атымтай жомарт» номинациясы бойынша марапатталды. Өнеркәсіптегі кәсіпорынның үлесі 17%, зауытта 1168 адам еңбек етеді. Кәсіпорын есебінен қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ Жапонияда мамандардың тағылымдамадан өтуі үнемі ұйымдастырылады. Кәсіпорын аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты негізде көмек көрсетеді. Зауыт «Жетісу» футбол клубының демеушісі.  Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне өндірістік практикадан өту үшін өндірістік базаны ұсынады.

Ал «Еңбек адам» номинациясы бойынша Александр Хильниченко марапатталды. Хильниченколар отбасы 20 жылға жуық ауыл шаруашылығын дамытумен айналысып келеді. Атап айтқанда, «Хильниченко және К» КС өсімдік және мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге маманданған. Соңғы жылдары инновациялық аграрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударып отыр. Мысалы, серіктестікте қант қызылшасының орташа өнімділігі 630 ц/га-дан асады. Шаруашылық басшысы аймаққа өткізілетін спорттық іс-шараларға қолдау көрсетіп, меценаттық жасауды ұмытқан емес.

Өз сөзінде «Әлеуметтік сала» номинациясы бойынша марапатталған Роза Ақжаркенова облыс тұрғындарына жылы лебізін білдірді:

— Жетісу өлкесі мен үшін ерекше ыстық. Осы өңірде тұрып, осында жұмыс істеп жатқаныма мақтанамын. Алдағы 5 жылда облысымыз экономикалық жағынан қуатты өңірлердің біріне айналады деп сенемін. Оған өз тарапымнан үлес қосуға әрдайым дайынмын, — деді ол. Мерекелік шара өңірдегі өнер ұжымдарының концертімен жалғасты.

Атап өтсек, биылғы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс халқының саны — 698,8 мың адам. Облыс аумағы 118 мың шаршы метрді құрайды. Жетісу өңіріне Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған, Текелі қалалары кіреді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторларға қол жеткізілді. Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 104,1% құрады.  Салалар арасында оң өсім өнеркәсіпте байқалады, онда өндіріс көлемі 1,3% -ға, ауыл шаруашылығы – 2,4% -ға, сауда – 30,4% -ға, құрылыс – 4,3%-ға өсті.

2022 жылы 16,3%-ға өсіммен 270 млрд теңге инвестиция тартылды. 295,3 мың ш.м. метр тұрғын үйд іске қосылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары.

Биылғы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қол жеткізілген қарқынды сақтау үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Жалпы өңірлік өнімнің өсімі 2,1% деңгейінде жоспарлануда, өнеркәсіп көлемі 2,5%-ға ұлғая отырып, 330 млрд теңгені құрайды, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,8% өсіммен 544 млрд теңгеге жетеді. 328 млрд теңге инвестиция тартылып, 322 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілед

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз