«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жетісу облыстық коалиция мүшелері Қуаныш Сайлаубай, Ришад Тұрғанбай Политехникалық колледждің ұжымымен және студенттерімен кездесті.
🔹Коалиция өкілі Ришад Тұрғанбай Конституциядағы жаңашыл бастамалардың елдің орнықты дамуына және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін сақтау қоғамдағы жауапкершілікті күшейтетінін ерекше айтты.
💬Өз сөзінде отыз жылда әлем өзгерді, қоғам өзгерді. Жаңа сұраныстар, жаңа талаптар, жаңа құндылықтар пайда болды. Кейбір мәселелерді қоғам 30 жыл бұрынғыдай емес, қазір мүлдем басқаша қабылдайды. Сонымен қатар, Жаңа Ата заңда білім, ғылым, мәдениет және инновация ел дамуының негізгі бағыты ретінде айқын көрсетілген сөз етті.
– Ата Заңның жаңа мәтінінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі тіректері ретінде қарастырылады. Цифрландыру үдерістерін жеделдету, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық экожүйе қалыптастыру және адами капиталдың сапасын арттыру – елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар ретінде айқындалады. Бұл бағыттар, әсіресе, жоғары білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің жауапкершілігін арттырып, олардың ұлттық дамудағы рөлін күшейтеді, — деді спикер.





























