БІР ЖАСҚА ТОЛҒАН МЕРЕЙТОЙЫМЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

359

«Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Тіл жүректің айтқанына көнсе-жалған шықпайды»,- деп ұлы Абай айтқандай ел еңсесін көтеріп әкімшілік құрылымдарды халықпен қоян-қолтық араласып мұң мұқтажын шешуге мәселені өз ауыл елді мекенінде қарауға жиі мүмкіндік беретін саясатты жүзеге асыру жолында Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөліп Жетісу облысын жаңадан құрғаны өркениетті қоғам құру кезінде оңтайлы шешім болды. Оның сыртында Жетісу облысы екі алып елмен шекаралас. Ел, жер қауіпсіздігі үшін де аса маңызды шекара аймағын дамыту, халықтың ол жерлерде тығыз орналасуын қамтамасыз етуге де үлесі орасан зор. Жетісу халқы «қоғамдық бақылауды» қолға алуына да қолайлы мүмкіндік берді. Міне бір жылда біраз мәселенің оң шешімі табылып жатыр!

  Бүгінгі облыстың бір жасқа толған торқалы той мерекесімен киелі Жетісу жұртшылығын құттықтаймын!   Ел еңсесі әркез биік болсын! Жалынды жастарымызға жар болып үміттерін үкілейік ағайын!

                                                                              Құрметбек Сансызбайұлы,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз