Қытаймен визасыз режим

392

2022 жылы Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режимді енгізген болатын. Дәлірек айтқанда, қытайлықтар елімізде 2 аптаға, яғни 14 күнге дейін бола алады. Енді жаңа келісім негізінде екіжақты визасыз режим енгізу жоспарланып отыр. Демек, Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күнге визасыз барып келе алады. Бұл ереже Қазақстанға келетін Қытай азаматтарына да қатысты болмақ.

2022 жылы елімізге келген қытайлық туристерден түскен табыс 16 млн. долларға жеткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мұндай деректі Kazakh Tourism жариялаған болатын. Kazakh Tourism-нің хабарлауынша, Қазақстан жеріне келген әрбір қытайлық турист шамамен 1 000 доллардан жұмсаған.Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 31 жыл толып отыр. Осынау жылдар ішінде екі ел түрлі салада серіктестік орнатып үлгерді.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жариялаған мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі тарихи рекордқа жеткен.2023 жылғы 18 қаңтарда ҚХР Бас кеден басқармасы Қытайдың 2022 жылы шет елдермен сыртқы саудасы туралы статистикалық мәліметтерді жариялаған. Жыл қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы рекордтық 31,2 млрд. долларға жеткен.Біз – теңізге шықпайтын мемлекетпіз. Бізге сауда-саттық үшін мұхитқа коридор керек. Яғни осы тұрғыдан Қытай біз үшін үлкен мұқит сияқты көрші. Қытай бізден барлығын сатып ала алады және өздеріндегі барды бізге сата алады. Сол себепті мұндай мүмкіндікті пайдалану қажет.

Ол қазақстандықтардың не себепті Қытаймен визасыз режимге қарсы болып жатқанын түсіндіріп көрді.Қытайдан қорқатын адамдардың көбі — Қытайда болмаған адамдар. Қытай тарихында 5000 жыл бойы ешкімге, ешқашан соғыс ашып, оккупация жасаған оқиға жоқ. Бұл – біріншіден. Екіншіден, Қытайға біз керекпіз бе әлде Қытай бізге керек пе? Мысалы, Қытай Қазақстансыз өмір сүре алады. Оның Тынық мұхитта порттары бар. Біз керісінше, Қытайға экономикалық тұрғыдан мұқтажбыз. Оны мойындау керек. Егер Қытайдың шекарасы жабылса, онда Қазақстан Республикасында тауар тапшылығы сезіледі. Осында жүрген адамдардың көбінің киген киімі «Made in China». Сол себепті Қытаймен дос болу керек. Қытаймен қарым-қатынасты түзеу қажет. Ол — біздің Құдай қосқан көршіміз. Ол ұнамаса сатып, көшіп кететін пәтер емес қой. Ол біздің тарихи көршіміз. Одан ешқайда қашып кете алмаймыз. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан да дәл сондай.

Ермек Келемсейіт,

                                                      Жетісу облысы ардагер

ұйымының төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз