Тұрғындар ойын тыңдап тұрған жөн…

613

Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделетіндігін   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен болатын. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірі, эконмикасының өсіп-өркендеуі жолында барлық азаматтар атсалысуы керек.

Президент:«Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді» -деген  болатын.

Кешегі өткен сайлауда  ел сенімін арқалап, депутат болған азаматтар бел шеше жұмыс жасауда.  Еркін ауылына  Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары келіп,  жасалып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті. Біз қуанып қалдық. Тұрғындар өз ойларын айтып,  толғандырып жүрген мәселелерін айтты. Міне, депутаттардың  халықтың  мұң-мұқтажын тыңдап, құлақ асқандары дұрыс. Бірлесіп шешсе, алға қойған мәселелер шешімін табары сөзсіз.

                                                                                             Шолпан Мұсанова,

                                                           Еркін ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз