Текелі қаласында ашық есік күні өтті

71

Текелі қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы шекара басқармасы Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобында ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Текелі қаласының №5 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында оқушыларға шекара қызметінің негізгі міндеттері мен жауынгерлік даярлығы таныстырылды. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің күнделікті өмірі мен қызмет барысы көрсетіліп, жастарға шекара қызметінің маңызды рөлі туралы мағлұмат берілді. Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және ел шекарасын қорғаудың маңыздылығын ұғындыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Қатысушылар шекара қызметінің күрделі әрі жауапты жұмысын тереңірек түсініп, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жұмысты жоғары бағалады.

                                   ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз