«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі іс

246

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Алмалысу» шекара бөлімшесінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бөлімше аумағында тазалық шаралары жүргізіліп, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.
Бұл шара шекарашылардың табиғатты қорғауға және жасыл аймақтарды көбейтуге деген жауапкершілігін көрсетеді. Алдағы уақытта да бөлімше ұжымы осындай игі істерді дәстүрлі түрде жалғастыруға ниетті.

                               ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз