ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Арасан шекара бөлімшесі Ақсу ауданы, Суықсай ауылының Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Мемлекеттік шекараны күзетуде шекарашылардың қолданылатын күш пен құралдары» тақырыбында көрсетілім сабағы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік шекараны қорғау қызметінің маңыздылығын түсіндіру, шекара қызметінің жұмысы мен қолданылатын құралдар жайлы білім беру. Көрсетілім барысында шекара қызметі қызметкерлері шекара күзету кезінде қолданылатын түрлі арнайы құралдар мен техникалық жабдықтарды таныстырып, олардың жұмыс барысында қалай қолданылатынын көрсетті. Сондай-ақ, шекарашылардың күнделікті жұмыстары туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік шекараны қорғаудың қиындығы мен жауапкершілігі жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Сабақ барысында оқушылар шекара қызметінің жұмысына қызығушылық танытып, шекарашылардың кәсіби міндеттерін орындау барысындағы ерекше міндеттер мен қиындықтар туралы сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл шара жас ұрпақтың Отан қорғау қызметіне деген қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбиенің маңызды элементіне айналды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























