Көкжөтел несімен қауіпті?

82

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы — Bordetella тектес бактериялар болып табылады. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы клиникалық белгілерге дейін 2 күннен 14 күнге дейін өтеді. Сонымен қатар, көкжөтелдің клиникалық белгілері аурудың басталуынан 2 аптадан кейін өзін көрсете бастайды.

Көкжөтел ерте жастағы балалар үшін өкпе қабынуы, ми зақымдануы немесе басқа да асқынуларымен қауіпті. Науқас алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап 25-30 күн бойы басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін.

Жетісу облысы бойынша жыл басынан көкжөтелдің 3 жағдайы тіркелді. Барлық 3 жағдай 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балаларарасында анықталды.Оның ішінде екпеден бас тарту -1, медициналық шектеу -1, белгісіз -1. Өткен жылмен салыстырғанда төмендеу байқалады, бірақ республикадағы жағдай тұрақсыз болып қалуда.

Көкжөтелдің клиникалық белгілері:Алғашқы кезеңде (катаральды кезең) балалардағы көкжөтел белгілері ЖРВИ-ге ұқсайды. Яғни, мұрынның бітелуі, түшкіру, дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуі, тоқтаусыз қатты құрғақ жөтел, жөтел кезінде ауа жетіспеушілігін сезіну, түнгі уақытта жөтелдің күшеюі, әлсіздік және шаршау, тыныс алудың қысқа мерзімді тежелуі (кішкентай балаларда).

Көкжөтелдің асқынуы: Көкжөтелдің ауыр жағдайында асқынулар, тіпті өлімге әкелуі мүмкін, бірақ олар сирек кездеседі. Тәуекел тобына өмірдің бірінші айындағы балалар, әсіресе шала туғандар және туа біткен инфекциясы бар балалар жатады.  Мүмкін болатын асқынулар: цереброваскулярлық бұзылыс, бассүйек ішілік қан кету, гипоксиялық церебральды ісіну, бактериалды пневмония, плеврит, бронхит, жарылған құлақ қалқандары, отит және синусит, грыжа пайда болуы.

Көкжөтелді емдеу:Балалардағы көкжөтелді емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі. Аурудың ауыр ағымы кезінде және пациент екі жасқа толмаған жағдайда ғана инфекциялық стационарға жатқызылу қажет. Бала айналасындағылар үшін қауіпті кезеңде үйде оқшаулануы қажет. Науқастың бөлмесі жиі желдетілуі керек. Ылғалдандырғыш қондырғыларды орнату жөтелдің жиілігін төмендетеді. Дәрігердің нұсқауы бойынша витаминді-минералды кешендерді қабылдау керек.

Көкжөтелдің алдын алу шаралары:Көкжөтелдің алдын алудың жалғыз тиімді жолы — вакцинация.Көкжөтел тоқтатылатын ауру, Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау арқылы инфекция мен асқынулардан оңай құтылуға болады.Вакцинация жоспар бойынша 2, 3, 4 айда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, қолданылатын вакцина — құрамдастырылған, АбКДС (дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушалы), В гепатитіне, полиомиелитке (инактивтендірілген) жәнегемофилді жұкпаның b типінеқарсы вакцина. Сондай-ақ 1,5 және 6 жаста қайта егу жүргізіледі. Вакцинация көкжөтел инфекциясының алдын алады немесе инфекция жеңіл түрде өтеді.

Асхат Чарапиев, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз