Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактикасы – бұл профилактикалық егулер жүргізу арқылы инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау, шектеу және жою мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар жүйесі.
Халық арасында профилактикалық егуден бас тарту мәселесі жиі көтеріледі. Босанғаннан кейін бірден аналар жаңа туған нәрестені вакцинациялау қажеттілігіне тап болады. Вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы естіген көптеген адамдар вакцинадан толығымен бас тартады.
Вакцинаның қажеттілігі туралы мамандар тіпті де күмәнданбайды. Бірақ тұрғындар арасында бүгінгі күнге дейін екпенің зияны туралы пікір қалыптасқан. Ендеше шындығы немесе жалғаны қайсы, талқылап көрейік.
Пікір 1: Вакцинаның көмегі арқылы алдын алатын сырқаттанушылықтар менің елімде жойылған, сондықтан вакцинамен егілуге негіз жоқ. Дұрыс емес. Вакцинаның көмегі арқылы алдын алатын сырқаттанушылықтар көптеген елдерде сирек кездескенімен, әлемнің басқа елдерінде олардың қоздырғыштары айналымда бар. Бір бірімен байланысы бар әлемде, бұл қоздырғыштар шекара арқылы өтіп, екпемен қорғалмаған кез келген адамға жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, бас тарту мен медициналық шектеулерге байланысты профилактикалық егулермен толық қамтылмау салдарынан ұжымдық иммунитет төмендейді. Оған 2023-2024 жылдардағы қызылша мен 2024 жылы көкжөтелдің өршуі дәлел бола алады.
Пікір 2:Вакциналар әлі де белгісіз көптеген зиянды және ұзақ уақыттық кері әсерлер береді. Дұрыс емес. Вакциналар қауіпсіз. Көбінесе вакциналар болмашы және уақытша әсер береді, мысалы ине салған қолдың ауырсынуы және елеусіз дене қызуының көтерілуі. Бұл организмнің күтілетін реакциясы. Күрделі әсерлер өте сирек кездеседі және тиянақты бақылау жүргізіліп, тексеріледі. Вакцинаның өзінен гөрі вакцинаның алдын алатын аурудың салдарынан ауыр зардаптарға ұшырау мүмкіндігі едәуір жоғары. Мысалы полиомиелит сырқаты салдануды, қызылша ауруы энцефалит немесе соқырлық тудыруы мүмкін, ал кейбір вакцина арқылы алдын алуға болатын сырқаттанушылықтар өлім жағдайына алып келуі мүмкін.
Пікір 3:Вакцина арқылы алуға болатын балалар аурулары баланың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіре алмайды. Дұрыс емес. Вакцина арқылы алдын алатын балалар ауруы «өмірдің шындығы» болмауы тиіс. Қызылша, эпидпаротит, қызамық сырқаттанушылықтары қауіпті жұқпалы ару болып табылады. Бұл аурулардың асқынулары балалар мен ересектерде пневмония, энцефалит, соқырлық, іш өту, кереңдік, туа біткен қызамыққа (егер әйел адам жүктіліктің алғашқы кезеңінде қызамықпен ауырса) және өлім жағдайына әкеліп соқтырады.
Пікір 4:Бір мезгілде балаға біреуден артық енгізілген вакцина, баланың иммундық жүйесіне әсер ететін кері әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Дұрыс емес. Ғылыми мәліметтерге сәйкес бірнеше вакциналардың енгізілуі баланың иммундық жүйесіне қолайсыз әсер бермейді. Балалар күнделікті иммундық жүйеге әсер ететін бірнеше жүздеген табиғи заттармен ұшырасады. Нәтижесінде қарапайым тамақ ішу кезінде денеге антигендер түседі. Ал ауыз және мұрын қуыстарында көптеген бактериялар өмір сүреді. Бала вакцинадан бұрын, суық тиіп немесе ангинамен сырқаттанғаннан кейін көптеген антигендермен ұшырасады. Бірнеше вакцинаны бір мезгілде енгізудің артықшылығыемханаға келу жиілігін азайтады, уақыт пен ақшаны үнемдейді және балаларға кестеге сәйкес ұсынылғанекпелердің салыну мүмкіндігін береді.
Пікір 5:Вакцина алғанша, сырқаттанып иммунитет қалыптастырған жөн.Дұрыс емес. Вакциналар иммундық жүйемен бірлесіп әсер етеді, жұқпалы ауруға қарсы иммундық жүйені қалыптастырады, бірақ олар ауру тудырмайдынемесе егілгендерді асқыну қаупіне ұшыратпайды. Керісінше, сырқаттану арқылы алған табиғи иммунитет — b (Hib) типті гемофильді жұқпамен сырқаттанғанда ақыл-есініңартта қалуы, қызамық салдарынан туа біткен ақаулар, вирустық В гепатитінен бауыр обыры немесе қызылшадан өлім жағдайына соқтырады.
Инфекциялық аурулардан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация екенін, вакцинаның көмегі арқылы қайғы-қасіреттің, мүгедектіктің және өлімнің алдын алуға болатынын естен шығармауымыз қажет. Біздің де балаларымыздың қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар.
Асхат Чарапиев, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы