Қызылша қаншалықты қауіпті?

78

Қызылша (лат. morbillі) – жоғарыжұқпалылықдеңгейі бар жеделвирустықинфекциялық ауру, оныңқоздырғышы – қызылша вирусы. Бұл ауру 40,5°C-қа дейінгіжоғарытемпературамен, ауызқуысы мен жоғарғытынысалужолдарыныңшырыштықабығыныңқабынуымен, конъюнктивитпен,денедегідақтытерібөртпесіменжәнеинтоксикацияменсипатталады.

Жетісу облысы бойынша жыл басынан сырқаттанушылық тіркелген жоқ, бірақ республикадағы жағдай тұрақсыз болып қалуда.

Жұғу жолдары: Қызылша ауа-тамшы жолымен таралады, вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сыртқы ортаға көп мөлшерде бөлінеді. Қызылша – әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Жұққыштығы 90%-ды құрайды, яғни науқас адаммен байланыста болған 10 адамның 9-ы бұл вирусты жұқтыруы мүмкін.Жұқтырған сәттен бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейін 9-17 күн өтеді. Осы кезеңде адам ешқандай белгілер байқамаса да, айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін. Ауру жіті басталып, тұмау немесе басқа тыныс алу жолдарының инфекциялары сияқты көрінуі мүмкін.

Қызылшаның алғашқы кезеңдегі жалпы белгілер:38-39°C дейін қызба,мұрыннан су ағу,құрғақ жөтел,көздің шырышты қабығының қызаруы,конъюнктивит,әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі.

Қызылша қалай жұғады?Көбінесе қызылша ауа-тамшы жолымен таралады. Вирус сілекей тамшыларымен ауаға шығып, онда 2 сағатқа дейін белсенді күйде сақталады.

Қызылшаны емдеу: Қызылшаның арнайы емі жоқ. Медициналық көмек науқастың жағдайын жеңілдетуге, белгілерін азайтуға және асқынулардың алдын алуға бағытталады.

Қызылшаның алдын алу:Қызылшадан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Аурудың таралуын болдырмау үшін халықтың жоғары деңгейде вакцинациямен қамтылуы қажет. Балаларды вакцинациялау деңгейінің төмендеуі қызылшаның өршуіне әкелуі мүмкін. Қазақстандағы Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, балаларға қызылшаға қарсы вакцинация 12-15 айында және 6 жасында жүргізіледі.

Асхат Чарапиев, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз