Еңбек адамы. Темір тұлпар тізгіндеген

81

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр Жолы» (жүктік) шекаралық бақылау бөлімінің көлік жүргізушісі Амангелді Бектеміров — еңбек жолын жауапкершілікпен атқарып келе жатқан ардақты азамат. 1988-1990 жылдары Амангелді Бектеміров Отан алдындағы борышын Ресей Федерациясының Хабаровск қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде көлік жүргізушісі болып қызмет атқарды. Әскери өмір оны тәртіпке, жауапкершілікке, қиындыққа төтеп беруге үйретті. Әскерден оралған соң, ауылында мамандығы бойынша еңбек етіп, тәжірибесін жетілдірді. Он бес жылға жуық Қорғас ауылындағы 2088 әскери бөлімінде көлік жүргізушісі болып қызмет атқарды. Бұл жылдар — оның кәсіби шеберлігі мен адалдығының сыналған кезеңдері болды. Өз міндетін адал орындап, әрқашан өзіне жүктелген тапсырмаларды тиянақты әрі мұқият орындады. 2015 жылы «аға сержант» әскери атағында әскери қызметін абыроймен аяқтады. Зейнетке шыққаннан кейін де, туған еліне қызмет етуді тоқтатпай, 2088 әскери бөлімінде қызметші ретінде жұмысын жалғастырды. 2018 жылдың шілде айынан бастап «Нұр Жолы» (жүктік) шекаралық бақылау бөлімінде көлік жүргізуші лауазымында қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда өзіне жүктелген міндеттерді адал орындап, ел тыныштығын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Амангелді Бектеміров ісіне берілген, адалдықты ту еткен жан. Оның тынымсыз еңбегі, шекара қызметіне қосқан үлесі ел алдында мәңгі есте қалары сөзсіз!

                                    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз