Еңбек адамы. Шекараның ақ халатты сақшысы

5

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының медициналық қамтамасыз ету бөлімінің фельдшері, прапорщик Венера Ибрагимова — өмірін әскери медицина мен шекарашылардың денсаулығын сақтауға арнап келеді.
Венера Тахиржанқызы Алматы қаласындағы республикалық медициналық колледжінің фельдшер мамандығын 1998 жылы тәмамдаған. Сол жылы жазда Шекара қызметінің 2091 әскери бөлімінің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесіне орналасты. Осы кезден бастап, өзінің білімі мен еңбегін шекарашылардың денсаулығына арнап келеді.
Ақ халатты абзал жанның әскери қызметтегі қажырлы еңбегі оның жоғары кәсібилігін дәлелдейді. Қызмет барысында тек медициналық көмек көрсетумен ғана шектелмей, ұдайы өз білімін жетілдіреді. Түрлі жағдайларда шұғыл әрекет еді. Оның батылдығы, шешім қабылдаудағы нақтылығы және жұмысқа деген жауапкершілігі — көптеген шекарашының денсаулығын аман сақтап қалуға сеп болды.

Адал да қасиетті қызметі үшін бірнеше мәрте Шекара қызметінің басшысы мен Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен марапатталды. Әсіресе, «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі оның адал еңбегіне берілген жоғары
дәрежедегі марапат.
Венера Ибрагимованың өмірі мен қызметі — адамгершілік, кәсібилік және отансүйгіштік қағидаларының айқын көрінісі. 2024 жылдың нәтижесінде Жетісу облысы бойынша департаментінің «Үздік медицина қызметкері» номинациясын иеленуі — адал еңбегінің кезекті дәлелі.

                                    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз