Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында қоғамды толғандырып жүрген мәселелер мен бірқатар өзекті тақырыптарды қамтыды.
Мақаламен танысу барысында 2024 жылдың еліміз үшін маңызды оқиғалар мен күрделі жағдайларға толы болғандығын анық байқауға болады. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7 мың шақырым автокөлік жолының салынып, жөнделуі, маңызды бастамалар мен жобалардың жүзеге асырылуы, «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында төлемдердің берілуі, спортты дамыту, ғылымды қаржыландыру, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысының көбеюі азаматтардың болашаққа деген сенімін нығайта түсуде. Мемлекет басшысы ішкі-сыртқы саясат, мемлекеттің даму үрдісі, қабылданған заңдар, ұлттық құндылықтар туралы айтып, ел болашағы үшін атқарылатын істерге жан жақты тоқталды. Әсіресе жастарға зор сенім артып, барлық реформалардың жастардың игілігі үшін жасалып жатқанын, бұл мемлекет стратегиясының түпкі мәні екеніне назар аударды. «Тәуелсіздік ұрпақтары қазірдің өзінде ғылым, спорт, бизнес, креативті индустрия және мемлекеттік қызмет саласында зор жетістікке жетіп жүр. Көбі өндірісте және ауыл шаруашылығында табысты еңбек етеді. Бұл ретте мен осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым» деді. Жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмек беру үрдісі жалғасатынын жеткізді. Шетелде қызмет етуді ұйғарған жастардың жаңа технологияларды меңгеріп, тәжірибе жинақтап, елге оралғаны жөн екендігін айтты. Мақаладан әр қазақстандық өзін толғандырған сауалдарға нақты жауаптар алды деп ойлаймын. Біздің басты міндетіміз-елге еңбек сіңіру.
Жансая Жанатқызы,
ұстаз