Созылмалы гастриті бар науқастарға мейірбикелік күтімді ұйымдастыру

33

Созылмалы гастрит – қарынның шырышты қабығының қабыну нәтижесiнде дамитын патологиялық ауру . Бұл кеселдiң дамуына
тағамдану сапасының бұзылуы (төменгi сападағы және қорытылуы қиын асты тамақтануы ) ;тағамда ақуыздың , темiрдiң , дәрумендердiң тапшылығы,алкогольдi шектен тыс тұтыну, темекi тарту және т.б әсер етеді.
Сөлдiң бөлiнуi төмен созылмалы гастритте науқаста тәбет төмендеуi, ауыздағы жағымсыз дәм, жүрек айнуы түрiндегi диспесиялық бұзылыстар, ас iшкеннен кейiн эпигастралды аумақтағы ауыру, iш өтуге бейiмдiлiк, дене массасының ( салмақтың ) азаюы тән. Сөл бөлiнуi жоғары сырқаттарда асқазан қыжылы, қышқылмен кекiру , эпигастралды аумақта ашу, қысып ауыру  сезiмi болады.Балалардағы созылмалы гастрит клиникасы ересектердікіне ұқсас келеді. Белгілері — іштің ауруы, ауырсыну, ұстама тәріздес эпигастрит тұста байқалады, лоқсу, өт аралас құсық, кекірік болуы мүмкін. Тері түсі бозғылттанады, көз асты көгереді, салмағы түсуі мүмкін. Үлкен дәреті бұзылып, іші қатады. Қолмен басып қарағанда іштің жоғарғы бөлігі ауырады, кіндік тұсы да ауырсынады. Нақтама қою үшін фиброгастродуоденоскопия жасау,  бауыр, өт жолдарын УЗИ, ішек құртына зерттеулер жүргізу қажет.
Мейiрбикелiк күтiм. 1.Дұрыс тағамдану режiмi мен сәйкесiнше диетаны сақтау.
2.Дәрiгер тағайындаған дәрi-дәрмектердi науқастың дер кезiнде және толыққанды қабылдауын қадағалау.3. Темекi тартуға және алкогольдi iшiмдiктi қабылдауға мүлдем тиым салу. 4. Терең және толыққанды ұйқыны қамтамасыз етудi, үйде және жұмыста жағымды жағдайды жасауды қарастыруды, күйзелісті азайтуды.
5. Сырқатты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға үгiттеу.
6. Ауыз қуысын дер кезiнде санациялауға кеңес беру.

ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК

Білімгер:   Гүлім Әлдібекова, СД 511
Жетекші: Альбина Батырова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз