Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

37

Ағымдағы жылы  энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған бірқатар маңызды қадамдар жасалды. «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 14 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 52,7 млрд теңге бөлінді.  Сонымен қатар, қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді. Еліміздің бүкіл Біртұтас электр энергетикалық жүйесін айналып өтуге мүмкіндік беретін батыс және оңтүстік аймағын жалғайтын тұрақты ток желісін салудың орындылығын зерделеу жүргізілуде. Мамандардың мәлімдеуінше бұл жобаларды іске асыру тұрақты әрі сенімді электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.

Анель Капекова,  «Жетісу облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз