Экологиялық ахуалды жақсарту- алдымызда тұрған міндеттің бірі

8

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты  Жолдауында:  «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек»,- деп атап көрсетті.

Осылайша қоғамда қоршаған ортаны дәріптеу, халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау мәселесіне мән берілуде.  Бұл ретте «Таза Қазақстан» экоакциясы еліміз бойынша қолға алынды.

Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама.

«Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде миллиондаған  азамат атсалысты. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді- деп  ойлаймын. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс.

«Таза Қазақстан» акциясы  аясында  қаламызда  қарашаның соңына дейін сенбіліктер өткізіліп, қаншама тонналап қоқыс шығарылды. Табиғатты қорғау, экологияға жанашырлық таныту- игі іс. Айналаны таза ұстау арқылы денсаулығымызға да кепіл боламыз. Таза ауамен демалып, кешке әсем жерлермен қыдыру, Қаратал жағасын абаттандыру жанға жайлылық сыйлайды. Әсем қаламыздың көрікті де көркем, тартымды да таза болмағы азаматттардың сана мәдениетіне тікелей байланысты. Сондықтан да,  отырған жерімізді ластамай, қоқыс тастамай, оны арнайы жәшіктерге салуды дағдыға айналдырайық. Жас өркендерге бұл өнегені бойларына сіңірген жөн. Бала айтқанды емес, көргенді ойына түйеді.  Ал кейбір санасыз азаматтар табиғатты да, көшені де ластап кетеді. Осындай адамдардың әрекетіне заңмен тосқауыл қою керек.

Ал көгалдандыру жұмысы тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет.

                                                                                                                                                                                                                         Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы,

«QAZAQSTAN CHERNOBYL ARDAGERLERI» қауымдастығының       Орталық кеңес                                                                                                                      төрағасы

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз