Қалада салынатын жаңа аудандардың жобасы таныстырылды

5

Талдықорған қаласының   әкімі Ернат Бәзіл әсем қаламызда бой көтергелі жатқан жаңа шағын аудандардың жобалардың дайындық барысын көру үшін жауапты мердігер ұйымның өкілін қабылдады.

Онда жобаны жасаған «Бақытжан» компаниясы қала әкіміне іргетасы қаланғалы жатқан Қаратал өзенінің оң жағалауымен қатар, 11,12,13 шағын аудандарында заманауи үлгіде салынатын нысандар бойынша сызбаларымен таныстырып жоба жайында толығырақ баян етті.

Аталмыш аудан 210 гектар болатын аумақта бой түземек. Онда 80 көпқабатты тұрғын үй, 2 мектеп, 2 балалар бақшасы және 150 орынды оңалту орталығымен қатар 200 орынға арналған онкологиялық орталықта салынады.

Бұдан бөлек, жаңа бой көтеретін аудандарда заман талабына сай жабдықталған балалар ойын алаңы, шағын сквер де қарастырылған.

Бүгінгі күні магистральді желілерді тартуға яғни, ауыз су, жылу, көгілдір отын, кәріз жүйесі мен байланыс желілерін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Айте кетейік, аталмыш ауқымды жоба 2025 жылы басталады деп жоспарлануда,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз