24.7 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 98

Қазақстандық әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев 70 келіден аса салмақ дәрежесінде ересектер арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен дүбірлі додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын сенімді түрде жеңді. – Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де...

Жетісуда жас отбасы өңірдегі алғашқы болып бал қымыз өндірісін жолға қойды

Жетісу облысында жеке ісін бастаған кәсіпкер жұбайымен бірге дәстүрлі ұлттық сусын – бал қымыз өндірісін жолға қойды. Әзірге кәсіпорында жергілікті сүтті пайдаланып, күніне 600 литр өнім өндіріледі, ал алдағы уақытта өндірісті кеңейту және Қытай мен Өзбекстанға экспорттау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кәсіпорын құрылтайшысы Мадияр Түйебаевтың 8 жыл бойы шетелде білім алып, ұзақ жыл еліміздің...

12 мың сағаттан астам ұшу: әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын бастады

Жаңа оқу жылында Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық бөлімдері оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кірісті. 2025 жылы экипаждардың жалпы ұшу уақыты 12 мың сағаттан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Оқу іс-шаралары ұшу экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның және қамтамасыз ету бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарламаға тренажерларда сабақтар өткізу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, штаттан тыс жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтау,...

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

Өкілді билікті цифрлық трансформациялау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық цифрлық мемлекет құруға арналған стратегиялық бағдарының ажырамас бөлігі. Бұл туралы Сенат Төрағасының парламенттік реформа және еліміздің саяси институттарының болашағы туралы «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды. Мәулен Әшімбаев жаңарған Парламент Мемлекет басшысының стратегиялық ұстанымы мен технологиялық дәуірдің сын-қатерлеріне сәйкес келетінін және Әділетті Қазақстанның жаңа келбетінің басты элементі...

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында болашақ Парламенттің институционалдық келбетіне ерекше мән берілген. Парламенттік реформа – жай ғана форманың өзгеруі емес, бүкіл мемлекеттік билік жүйесінің негізгі тірек конструкцияларының бірін нығайту екені баса айтылады. Автордың пікірінше, парламенттік реформаның сәтті болуы жаңартылған өкілді орган жұмысының тетіктері қаншалықты дәл құрылатынына байланысты. «Жаңа модель Қазақстандағы парламентаризм философиясын өзгертеді....

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Ол кемел қоғамның әділетті және теңгерімді билік құрылымы жөніндегі сұранысына толық жауап береді. Бұл туралы Сенат Төрағасының «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, билікті орталықсыздандыруы және қоғамның саяси субъектілігінің артуы жағдайында өкілді билік тармағының тұрақтандыру функциясы жаңа сапаны талап...

Еліміздің ең атағы көп «Жетісу» командасы Қазақстанның Суперкубогын бесінші мәрте иеленді

Өскемен қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Қазақстанның Суперкубок чемпионаты мәресіне жетті. Финалда «Жетісу» волейболшылары «Тұран» командасымен ойнап, 3:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп ел Суперкубогының бесінші мәрте иегері атанды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметі.     Ойын аяқталғаннан кейін «Жетісу» командасының бас бапкері Марко Гршич ой бөлісті: – Командамды және барша жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын. Қиындықтарға қарамастан, біз Суперкубокты тағы да Жетісу...

Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды өңірлерді дамытуға жол ашатын кілт ретінде атаған едік. Шын мәнінде, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді жаңғырту бастамасы шамадан тыс орталықтандырылған басқару үлгісін біртіндеп жойып, қоғамның пікірі мен мүддесі ескерілетін барынша теңгерімді бәсекелес жүйеге көшуді көздейді. Осы орайда Мемлекет басшысының алдағы уақытта бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысы уақытылы әрі орынды жасалған қадам екенін...

Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы тағайындарды

Тимур Айбекұлы Губашев Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.   Ол 1994 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және «Тұран-Астана» университетін «екі шетел тілі: ағылшын тілі», «Құқықтану»  мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының сарапшысы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының бас...

Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді

2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады – Энергетика министрлігі 📍 Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі...