«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келеді.

2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.

Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

  1. Конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
  2. 2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы);
  3. Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
  4. 3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы);
  5. Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
  6. Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

Анықтама үшін байланыс телефондары:

8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82

E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com 

(жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет ресурсы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз