Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы тағайындарды

Тимур Айбекұлы Губашев Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

 

Ол 1994 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және «Тұран-Астана» университетін «екі шетел тілі: ағылшын тілі», «Құқықтану»  мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының сарапшысы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының бас сарапшысы, Интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің жұртшылықпен байланыс басқармасы – баспасөз қызметінің басшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетінің интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз