Жетісуда жыл сайын 800-дей бала оңалту орталықтарынан арнайы емдік шаралар қабылдайды
Жетісу облысында балаларды оңалту қызметімен айналысатын 9 мекеме бар, онда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 800-дей бала оңалтудан өтеді. Осындай оңалту орталықтарының бірі – атқа міну арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуды жүзеге асыратын өңірдегі әзірге жалғыз Иппотерапия орталығы, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап өтсек, Иппотерапия орталығы «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында ашылған....
Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті
Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті.
Мемлекет пайдасына мемлекеттік қаражатты жұмсау, мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, жерлерді ұтымды пайдалану және басқа да салаларда 470 млрд теңге көлемінде ақша қаражаты мен мүлік тәркіленді. Бас прокуратура қаржы және әділет министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік мүлікті...
Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда отандық өндіруші мәртебесін растау және мемлекеттік қолдаудың мақсаттылығын жақсартуға арналған «Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі» мемлекеттік цифрлықплатформасы іске қосылды. Жүйе қазір тәжірибелік пайдалануға берілген және e-ondiris.gov.kz веб-сайтында қолжетімді.
Жаңа цифрлық жүйеге кедергісіз көшуді қамтамасыз ету үшін бұрын жарамды индустриалдық сертификаттар
негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде Реестрге ауыстырылды.
Барлық бизнес субъектілері ақпараттық жүйеде тіркелуге Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш бере алады.
Бүгінгі күні:
жүйеге2 769-дан астам компания тіркелді;
1 346өтінім қабылданды;
Реестрге қазірдің өзінде машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы
кәсіпорындар кіреді, соның ішінде теміржол техникасы, автомобиль компоненттері, сорғы жабдықтары, цемент, бетон бұйымдары, керамикалық плиткалар және аяқ киім өндірушілері бар.
Бұрын Реестрге автоматты түрде қосылған өндірушілер жүйедегі ақпараттарын 30 қаңтарға дейін толтырып,
өтініштерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Бұл талапты орындамау жағдайында
кәсіпорындар Қазақстандық өндірушілер реестрінен шығарылады.
Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және
мемлекеттік қолдау шараларының тек нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға бағытталуын қамтамасыз
етуге бағытталған.
Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін біртіндеп толықтыру жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты
Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз болды.
✔️ Жиынды аша отырып, Үкімет басшысы орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру басым міндет болып қала беретінін атап өтті. Олжас Бектенов сараптама мен кеңестер алу үшін жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау бойынша кездесулердің маңыздылығына...
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
📢 Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
‼️ Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.
📑Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.
💻 Тетіктің...
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, шамамен 4 млн азамат қамтылды.
Азаматтардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникацияның заманауи әрі креативті форматтары енгізілді.
🔴 2025 жылғы негізгі нәтижелер:
* Жылдың алғашқы алты айында қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізілді. Оған 3,5 мың студент қатысты.
Олимпиада қарсаңында 2 мың мектепте және 1,5 мың жоғары оқу орны мен колледжде қаржылық қауіпсіздік сабақтары...
Жыл қорытындысы: Талдықорғандағы шағын-орта бизнестің облыстағы үлесі 33% шамасында
Талдықорған қаласында 21 мыңға жуық жұмыс істеп тұрған шағын-орта бизнес субъектілері бар, оның облыстағы үлесі – 32,9%, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қаладағы шағын-орта бизнесте 39 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл салаға мемлекеттік қолдау көрсету аясында өткен жылы 49 жоба қаржыландырылды.
Ал өнеркәсіп саласына келсек, былтырғы жылдың он бір айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 166,4 млрд. теңгені,...
Жыл қорытындысы: Жетісуда инватаксимен 110 мыңға жуық қызмет көрсетілді
Жетісу облысында 2025 жылы мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 109 749 рет көрсетілген. Жалпы, өңірде инватакси саны облыс құрылғалы бері екі есеге өсіп, 32-ге жетті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- 2025 жылы инватакси қызметін көрсету үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 275,8 млн. теңге қаражат қарастырылды. Облыс көлемінде осындай қызметті 7 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады,...
Ертеңнен бастап елімізде қаңтар айында өтетін ҰБТ басталады
2026 жылғы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 187 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.
ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖЕТІСУДАҒЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Жетісу өңіріне жасаған жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы бірқатар стратегиялық маңызы бар өндіріс орындарының қызметімен танысты. Сапар барысында өңірдің индустриялық әлеуеті, инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.
Депутаттар назар аударған кәсіпорындардың бірі – «ТАЛДЫҚОРҒАН КАБЕЛЬ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын 2018 жылдан бері электр сымдары...





























