Талдықорған қаласында 21 мыңға жуық жұмыс істеп тұрған шағын-орта бизнес субъектілері бар, оның облыстағы үлесі – 32,9%, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қаладағы шағын-орта бизнесте 39 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл салаға мемлекеттік қолдау көрсету аясында өткен жылы 49 жоба қаржыландырылды.
Ал өнеркәсіп саласына келсек, былтырғы жылдың он бір айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 166,4 млрд. теңгені, 6,5% өсім көрсетті. Жаңа ірі жобалардың қатарында газбетон блоктарын, электр энергетикалық жабдықтар өндіретін зауыттарды атауға болады. Сол сияқты керамикалық плиталар шығаратын зауыт кеңейтіліп, «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауытының жаңа желісі іске қосылды. Осындай шаралардың нәтижесінде 330-дан астам жұмыс орны ашылды.
Сол сияқты ауыл шаруашылығында 7 мың тонна күнбағыс майын шығаратын зауыты іске қосылды. Жалпы, қалада нан, сүт, май, шұжық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 21 нысан бар. Бұл ретте маусымаралық кезеңде қала тұрғындарын 300 тоннаға жуық көкөніспен қамтамасыз ететін 7 жылыжай жұмыс істейді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков





























