0.9 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 26 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 88

Жетісу облысында 11 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жетісу облысында биылғы 8 ай ішінде мас күйінде жасалған 167 қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 дерекке көп. Қылмыстардың көбеюі заңнамадағы өзгерістермен байланысты: 2024 жылғы 16 маусымнан бастап Әкімшілік кодекстің кейбір баптарының орнына Қылмыстық кодекстің 108-1 және 109-1 баптары енгізілген. Маскүнемдікпен күрес бағытында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, «маскүнем» санатында есепте тұрған азаматтар тұрақты түрде...

«Таза Қазақстан»: Көксу ауданында «Ауылдағы Асар» экологиялық акциясы өтті

Бүгін Жетісу облысы Көксу ауданы, Мұқыры ауылында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында ауыл тұрғындарының, жастардың және еріктілердің қатысуымен кең көлемді «Ауылдағы асар» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ата-бабамыздан жеткен «Асар» дәстүрін жаңғырту, ауыл тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үндеу, ауылды таза әрі көрікті ұстау. Сонымен қатар акция жастардың жауапкершілігін арттыруға, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру. Мемлекет басшысы шикізат моделінен қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу міндетін қойды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға жүйелі...

«ЦОН» мобильді қосымшасында «Автокөлікті сатып алу-сату шарты» жаңа сервисі қолданысқа енгізілді

2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және сапасын арттыру мақсатында «ЦОН» мобильді қосымшасында көлік құралдарын тіркеу кезінде сатып алу-сату шартын рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды. Бұған дейін көлікті сату немесе сатып алу үшін азаматтар қызмет көрсету орталықтарында QR-код арқылы шартқа қол қоятын. Енді бұл үдеріс «ЦОН» мобильді қосымшасының «Автокөлікті сатып алу-сату шарты» сервисі арқылы жүзеге асырылады. Шартқа...

Мектепке дайындық: күн режимі және гаджеттер туралы

Жаңа оқу жылына дайындық тек мектеп формасын, рюкзак пен кеңсе сатып алу туралы емес. Бұл күн тәртібін ұйымдастыруды, экран уақытын шектеуді, ұйқының сапасына қамқорлық жасауды, дұрыс жиһазды таңдауды және ыңғайлы оқу кеңістігін құруды қамтитын барлық шаралар кешені. Бұл материалда біз сіздерге бүкіл отбасы оқу жылының басталуына қалай дайындалу керектігін айтамыз және ата-аналарға баланың оқуы мен дамуына қолайлы жағдай жасауға көмектесетін...

2024 жылғы Жолдау: цифрландыру көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығаруға мүмкіндік берді

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ауқымды цифрлық трансформация аясында Қазақстан Республикасы министрліктерінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілерді азайтуға, сондай-ақ азаматтар мен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдер кешені енгізілді. Бұл көлеңкелі...

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды. Бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған. Сыйлық шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерді анықтап, оларды марапаттау...

Білім, денсаулық, тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахмет Есдәулетовтың төрағалығымен кеңестің 7-ші отырысы өтті. Шараға кеңес мүшелерінен бөлек тиісті сала басшылары қатысты. Кеңестің күн тәртібіне енгізілген: «Талдықорған қаласының білім бөлімі»ММ 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстары және қаланың жалпы білім беретін мектептерін жаңа оқу жылына дайындау барысы туралы», «Талдықорған қаласы №1 және №2 қалалық емханалары басшыларының қаладағы денсаулық сақтауды дамыту бойынша жүргізіп жатқан...

Жетісу облысында шомылу маусымы қорытындыланды: 4 адам қаза тапты, 36 адам құтқарылды

Жетісу облысында шомылу маусымы аяқталды. 2025 жылдың 1 маусымында басталған маусым қорытындысы бойынша, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылу салдарынан 4 адамның қаза болғаны тіркелді, олардың екеуі - балалар. Қайғылы оқиғалар Қаратал өзенінде (Қаратал ауданы), сондай-ақ Кербұлақ және Алакөл аудандарында орын алған. Бұл туралы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Қалдыбек Төлеуұлы мәлімдеді. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында биылғы маусымда...

Президент Жолдауы – 2024: асыл тұқымды ІҚМ мен ҰҚМ сатып алуға арналған «Игілік» жаңа несие бағдарламасы іске қосылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға  айрықша көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік қауіпсіздігін, халықты жұмыспен қамтуды және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін экономиканың негізгі секторларының бірі ретінде қарастырылады. Үкімет Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты...