ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — ұлттық әдеби мұраны дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жеке құрам арасында рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау болды. Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар беріліп, оның өлеңдері оқылып, музыкалық қойылымдар ұсынылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























