ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқарасы жеке құрамымен аға теолог Д.Домбаев пен Қорғас полиция бөлімі капитаны Ж.Нүсіпов бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеяларының мақсаты, дәстүрлі емес және тыйым салынған діни ағымдардың мәні, олардың қоғам мен әскер үшін төндіретін әлеуметтік қауіптілігі кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары мен олардың зиянды салдары туралы нақты мәліметтер берілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























