Қазақстанда балаларды психологиялық диагностикадан өткізу және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады
«Қазақстан балалары» 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде балаларды психологиялық диагностикадан өткізу және сүйемелдеуге бағытталған бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Жоба қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және баланы қорғау жүйесінде педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған.
Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлықтық тәуекелдерді жүйелі түрде анықтауға, баланың психоэмоциялық жағдайының динамикасын бақылауға, сондай-ақ қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз әрі нысаналы сүйемелдеуді...
Айдос Сарым: Халық кеңесі Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығының тағы бір тірегіне айналады
МәжілісдепутатыАйдос Сарым жаңа бірпалаталы Парламент–Құрылтайдықалыптастырудапропорционалдықжүйесінқолдайтынын айтты.Конституциялықреформажөніндегікомиссияныңбесіншіотырысындабұл жүйенің нақтыартықшылықтарын да атап өтті.
Ол ҚР жаңа Конституциясының жобасына сәйкес болашақ Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалдық өкілдік жүйе бойынша құрылатынын айтты.
«Партиялық-пропорционалдықжүйегекөшуазаматтарымыздың мүмкіндігін азайтады, олардыеліміздіңжоғарғызаң шығарушы органынасайлануқұқығынанайырадыдегенпікірлер бар. Менің ойымша,бұлөте жаңсақ пікір, қате түсінік»,-дедіАйдос Сарым.
ОлқазіргіуақыттаБельгия,Испания,Финляндия,Швейцария,Болгария,Швеция,Норвегия,НидерландысияқтыЕуропаелдеріндепартиялық-пропорционалдықсайлаужүйесі жұмыс жасап жатқаны, сондай-ақ мұндай жүйенің Аргентина,Бразилия,Боливия,Эквадор,ИзраильжәнеИндонезиядадақолданылатыны жөнінде мәлімет берді.
«Бұл елдердің сайлаушылары, заң шығарушылары мен заңгерлері...
Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан
Билік пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыру – «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» атты ұлттық ұстанымға негізделген. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың мазмұны мен архитектурасын түбегейлі жаңарту міндеті де қоғам талқысына салынып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан мәлімдеді.
«Соңғы жылдары қабылданған шешімдер осы мақсатқа жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Атап айтқанда, бұрын...
Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады
Азаматтық қоғам мықты болмай, мемлекет те мықты болмайды. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осылай деп мәлімдеді.
«Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңда тұңғыш рет «Халық кеңесі» туралы жеке бап, дербес бөлім пайда болды. Аталған құрылым жай ғана консультативтік, формальды органға айналмас үшін, 70-2-баптың редакциялық нұсқасында «Қазақстан халық кеңесі» Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады деп нақты көрсетілді. Бұл –...
Ата Заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында комиссия мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Дурвудхан Сұраған ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту мемлекеттің стратегиялық дамуына тікелей әсер ететінін, ғылыми еркіндіксіз тұрақты даму мен демократиялық қоғам құру мүмкін еместігін айтты.
«Ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту – ғылымды қосалқы құрам емес, жеке-дара құндылық ретінде мойындауды білдіреді. Баршамызға мәлім, ғылымсыз – тұрақты даму да,...
Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева
Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасында отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Сонымен қатар неке институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және баланың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ережелер енгізіліп отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.
Конституция жобасының 27-бабында қолданыстағы редакциядағыдай, неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің...
Мазмұндық жақтан үндесіп, бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп отырады: депутат Құрылтай мен Халық Кеңесінің жұмысы жайлы айтты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов реформаға қатысты ойымен бөлісіп, Құрылтай мен Халық Кеңесінің жұмысындағы айырмашылғы жайлы айтты.
Депутаттың айтуынша, преамбула мәтінінде көрініс табуы тиіс ұсыныстардың ішінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен оның мүддесі туралы арнайы норма қарастырылған.
«Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – мемлекеттік саясаттың негізгі тірек қағидаттарының бірі. Бұл қағидат экологиялық саясатты қалыптастыруда, бюджеттік жоспарлауда, табиғи ресурстарды ұтымды әрі...
Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды – Мұрат Абенов
Конституциялық реформа аясында Ата заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті.
«Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, «республикалық референдум» деп жазылғанын білесіздер. Дегенмен, референдумдар ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі тиіс. Сондықтан референдумның атауында басқару нысаны емес, халықтың бірлігі, референдум өткізудің негізгі талабы атап өтілуі керек. Осыған байланысты...
Дания Еспаева: бізге жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет
Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Ата Заңға ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі тек қана жекелеген түзетулер аясында қалмайтынын, Конституцияның жаңа мәтінін әзірлеу қажеттігіне объективті түрде алып келетінін айтты.
Оның сөзінше, бастапқыдағы парламенттік реформа туралы бастама, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың трансформациясы, цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы Ата Заңды кешенді түрде қайта қарауды талап етеді. Комиссияға екі мыңнан...
Конституцияда заңдардың кері күшіне тыйым салу ұсынылды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституцияда заңдардың кері күшіне тыйым салу қажеттігін мәлімдеді.
Оның айтуынша, реформаға халықтың қызығушылығы өте жоғары, көптеген қазақстандықтар партия филиалдары арқылы талқылауларға белсенді түрде қатысып жатыр.
«Азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе жауапкершілікті күшейтетін заңдардың кері күші болмауы тиіс деген норманы қолдаймын. Бұл адамға бағдарлану қағидатына сай келеді және болашақ заңдар үшін негіз...





























