«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өтті

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы аумағында ҚР ТЖМ Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 19-өрт сөндіру бекетінің қызметкері, азаматтық қорғаудың аға сержанты Рамазан Нұрғалы әскери техника пайдаланумен байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында жеке құрамға өрт қауіпсіздігі ережелері, жану қаупінің алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу жеке құрамның қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз