«Көктем-2026» шақырылым сарбаздары музейге барды

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Көктем-2026» жас шақырылым сарбаздары Алакөл қорығы мұражайы музейіне барды.

Іс-шара сарбаздардың танымдық көкжиегін кеңейту, табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттау және рухани-мәдени тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Экскурсия барысында сарбаздар Алакөл өңірінің табиғи ерекшеліктері мен биоалуантүрлілігі туралы мәлімет алды.

Сапар сарбаздардың білімін толықтырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз